Оқушылар сарайында «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы өтті.

Оқушылар сарайында «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы өтті.
16 ақпан күні М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның бастамасымен «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы өткізілді. Бұл шараның мәрелік кезеңінде облысымыздың қала және аудандарынан 17 аға тәлімгер қатысты. Конкурс 3 тур бойынша ұйымдастырылды.
«Үздік жас тәлімгер» номинациясы бойынша үшінші орынды Павлодар қаласынан Ә.Бөкейхан атындаға мектебінің аға тәлімгері Искакова Инара Амантаевна жеңіп алды.
Инара Амантаевнаны жүлдесімен құттықтаймыз, жұмыста табыс тілейміз.