Ш. Смағұлов атындағы математика бойынша олимпиаданың іріктеу кезеңіне қатысу

Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп 2023 жылғы 19 ақпанда №6 ЖОМ академик Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атындағы VI математикалық олимпиада өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты- математикадан дарынды балаларды қолдау және ынталандыру.
Олимпиадаға 6-7 сыныптардың 472 оқушысы қатысты. Облыстың мамандандырылған мектептерінен 225 оқушы және Павлодар қаласының 39 жалпы білім беретін мектебінен 247 оқушыны қамтыды.
Іріктеу кезеңінің барлық жұмыстары Әл-Фараби атындағы университетке жіберілді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған оқушылар келесі кезеңге қатысу құқығын алады.