«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 23 ақпанда«Үлкен үзіліс – 2023» жобасының «Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі» V кезеңін өткізді.
Жоба оқу жылы ішінде өткізіледі және 7 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің соңында ең аз ұпай жинаған 3 команда шығарылады.
«Оқушылардың қиялындағы ең үздік сынып жетекшісі»V кезеңінде № 5,14, 17, 21, 26, 31, 33, 35, 43, Қ. Мақпалеев атындағы, Қ.Бекқожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептерінен 300оқушыдан тұратын14 команда қатысты.
Осы тур барысында оқушылар 5 минут ішінде сынып жетекшісінің визиттік карточкасын көрсетіп, мұғалімнің ұстанған ұстанымы мен хоббиі туралы қысқаша айтып, шығармашылық қабілеттерін, кәсіби шеберлігін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша ең аз ұпай жинаған №5, 31 және К.Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектептері жобадан шықты, қалған 11 мектептің командалары келесі турда кездеседі.