Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Академик Ш. Смагулов атындағы математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің қорытындысы
28-02-2023 09:16
Академик Ш. Смагулов атындағы математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың іріктеу кезеңінің  қорытындысы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және «Әл-Фараби» олимпиадалық даярлау орталығы Павлодар қаласы  білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен бірлесіп 2023 жылғы 19 ақпанда академик Ш.Смағұлов атындағы математика пәні бойынша VI республикалық олимпиаданың I (іріктеу) кезеңі өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: математикадан дарынды балаларды қолдау және ынталандыру.

Барлығы  олимпиаданың іріктеу кезеңіне Павлодар қаласының 38 жалпы білім беретін мектептерінің  6-7 сыныптың  және дарынды балаларға арналған облыстың 6 мамандандырылған мектебінен 472 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша 42 оқушы өту ұпайын  жинап, екінші кезеңге жіберілді, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 10 оқушы (№ 27(2), 29, 39, 43, Ш. Шөкин атындағы, А. Шамкенов атындағы, С. Торайғыров атындағы, Ж. Ташенев атындағы, М. Әуезов атындағы) және мамандандырылған мектептерден 32 оқушы («Жас дарын» (4), № 3 гимназия (2), Абай атындағы гимназия (2), № 8 мектеп-лицей (24).

Екінші кезең 2023 жылдың 23 сәуірінде өтеді.