«JULDYZAI» республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңі
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2023 жылғы 6 наурызда «Juldyzai жеңуге үйретеді!» ұранымен «JULDYZAI» XVIII республикалық балалар шығармашылығы фестивалінің қалалық кезеңін қашықтық форматта өткізді.
Фестивальдің мақсаты: ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қазақстандық қоғамда инклюзивті ортаны қалыптастыруға ықпал ету.
Фестиваль 4 номинация бойынша өтті: вокал, хореография, аспаптық орындау, жест-ишарамен ән орындау.
№ 6 орта мектебінің 6 сынып оқушысы Қожан Арнұр екі номинацияға қатысты: «Аспаптық орындау» мен «Вокал» О.Хейридің «Вальс» шығармасын фортепианода ойнап және «Алға Қазақстан» әнді орындап, І, ІІ дәрежелі дипломдарға ие болды.
Ал «Вокал» номинациясы бойынша К.Мақпалеев атындағы ЖОББМ 4 сынып оқушысы Рублев Егор музыкасы Е.Птичкина, сөзі М.Пляцковский «Иттерді мазақ етпеңдер» әні үшін І орынға ие болды.