«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында (Ақмола облысы, Щучинск қ) 2023 жылғы 16-18 наурыз аралығында 2-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XVIII республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өтті.
Ережеге сәйкес зерттеу жұмыстарын қорғау 12 секция бойынша жүргізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері; математика, қолданбалы математика; физика, ғарыш; туризм, спорт; тарих, өлкетану; этномәдениеттану; химия, биология; медицина, психология, экология; информатика, робототехника, STEM инженерия; технология және өнер.
Ең мықты атағы үшін Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 252 мектептен 600-ге жуық жас зерттеушілер күресті. Павлодар облысынан облыстық турдың 28 жеңімпаз оқушысы, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 7 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломмен №40 орта мектептің 3 сынып оқушысы Қабылбекұлы Дінмұхаммед (секция - математика, қолданбалы математика, жетекшісі - Хажым А.) және №43 орта мектептің 4 сынып оқушысы Реснянская Полина (секция - тарих және өлкетану, жетекшісі - Брехт Л.Ф.); ІІІ дәрежелі дипломмен - №29 орта мектептің 6 сынып оқушысы Поднебесова Кристина (секция - медицина, психология, экология, жетекшісі - Мацевич И.С.) және Ә. Бөкейхан ат. мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Окасова Айханым (секция – орыс тілі мен әдебиеті, жетекшілері - Касимова К. Ф., Бегежанова Т. А.) марапатталды.
Жүлдегерлерді құттықтаймыз және жаңа шығармашылық жеңістер тілейміз!