Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2023 жылы 29 наурызда «Ілияс Жансүгіров оқулары» байқауы өткізілді.
Мақсаты – Ілияс Жансүгіров шығармашылығын мектеп оқушылары арасында кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамын, дарындарындылығын ашу.
Байқауға қаланың 22 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптың 45 оқушысы қатысты.
Байқау үш бағыт бойынша өтті: бірінші бағыт – «Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» - ақынның поэмаларын жаттау; екінші бағыт – «Ұлы тұлғаға арнау» қазылар алқасына буклеттер түрінде алдын ала ұсынылған өз туындысын жатқа оқу; «Ілияс – сөз шебері» прозалық немесе драмалық шығармаларынан үзінді мәнерлеп оқу.
Байқау қорытындысы бойынша 45 талантты оқушы өз шеберлігін көрсетті, 26 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 3 оқушы, II орын – 7, III орын – 16 оқушы.
«Ілияс – қазақ поэзиясының жыр құлагері» номинациясы бойынша I орынды № 30 мектебінің 9 сынып оқушысы Ақтай Толғанай, II орынды № 33, 38, Қ. Бекқожин атындағы мектеп оқушылары; III орынды № 21, 24, 41, М.Әлімбаев атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп оқушылары иеленді.
«Ұлы тұлғаға арнау»- I орынды № 35 мектебінің 8 сынып оқушысы Бектасова Азиза; II орынды № 17, Қ. Бекқожин атындағымектеп оқушылары; III орынды № 7, 21, 30, 31, 38, Ж.Тәшенев атындағы мектеп оқушылары иеленді.
«Ілияс – сөз шебері» - І орынды № 38 мектебінің 8 сынып оқушысы Хунафия Айдана; ІІ орынды № 30, Кенжекөл мектебінің оқушылары; ІІІ орынды 7, Қ.Бекқожин, Мәшһүр Жүсіп, С.Торайғыров, М.Әуезов атындағы мектептің оқушылары иеленді.
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады, сондай-ақ байқау қатысушыларына «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары беріледі.
Олимпиада жеңімпаздары ағымдағы жылдың сәуір айында өтетін облыстық кезеңге қатысады.