Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Мағжанов оқуларының қалалық кезеңі туралы
05-09-2023 17:13
Мағжанов оқуларының қалалық кезеңі туралы

2023 жылғы 19 қыркүйекте Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық кезеңін өткізеді.

               Байқаудың мақсаты-ақынның өмірі мен шығармашылығын білу,ұлттық құндылықтарды сақтау және патриоттық сезімдерді қалыптастыру.

               Конкурс шарттары бойынша 7-11 сынып оқушылары, конкурстың мектеп кезеңдерінің жеңімпаздары арасында өткізіледі.Үш номинация бойынша: «Өлең - менің Шолпаным, Айым, Күнім» - М.Жұмабаевтың шығармаларын жатқа оқу, «Жасынан оқу оқып, өнер құған» - М.Жұмабаевтың шығармалары бойынша ғылыми жұмыстарды қорғау, «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас таланттар өз шығармаларының өлеңдер жинағын ұсынады.

               Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

               Байқаудың қалалық кезеңінің жеңімпаздары байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.