2023 жылғы 6 қазанда "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы оқушылардың облыстық көптілділік олимпиадасының қалалық кезеңін өткізді.
Жыл сайын олимпиада мектептегі көптілді үздіксіз білім беру жағдайында зияткерлік көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Олимпиада 2 кезеңде өтті: І кезеңде қатысушылар берілген тақырыпқа үш тілде эссе жазды, ІІ кезеңде ауызша түрде берілген тақырыпқа көпшілік алдында сөз сөйледі.
Олимпиадаға қаланың 38 жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сыныптың 99 оқушысы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 39 жүлдегер анықталды - І орын – 4, ІІ орын – 10, ІІІ орын – 25.
І орынды иеленген қатысушылар ағымдағы жылдың 18 қазанында облыстық кезеңге қатысады.
Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарды құттықтаймыз! Алдағы оқуда сәттілік тілейміз!