Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі АНОНС
12-10-2023 16:13
Жалпы  білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі АНОНС

Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2023 жылғы 17 қазанда Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі  өтеді.

Ең талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға  көмектесу мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін 232 жұмыс түсті, оның ішінде 23 командалық жұмыс. Өтінімдерді қаланың 36 жалпы білім беретін мектебі тапсырды. 14 пен 16 жас аралығындағы 255 зерттеуші  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша жұмыстарды қорғайтын болады:

І бағыт  «Ғылыми-техникалық прогресс экономикалық өсудің негізгі буыны». Секциялар: физика; техника; Жер және ғарыш туралы ғылым.

 

ІІ бағыт «Экономикалық және әлеуметтік үрдістерді математикалық модельдеу». Секциялар: математика; Қолданбалы  математика; информатика; экономика.

 

ІІІ бағыт «Салауатты табиғи орта – «Қазақстан-2030» Стратегиясын жүзеге асырудың негізі». Секциялар: химия; биология; қоршаған ортаны қорғау және  адам денсаулығы.

 

ІV бағыт «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар». Секциялар:тарих; өлкетану; этномәдениеттану; тіл білімі; адам  және қоғам; әдебиет.

1 және 2 орын алған конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық іріктеу кезеңіне қатысады.