Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» атты пікірсайыс турнирі туралы
14-11-2023 17:53
Республикалық«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» атты пікірсайыс турнирі туралы

Республикалық«Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» атты пікірсайыс турнирі туралы

 

2023 жылғы 23-24 қараша аралығында «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы республиканың жалпы орта білім беретін мектерінің дарынды оқушыларын қолдау, жас буынның танымдарын, демократияға және азаматтыққа бағдарланған дүниетанымдары мен сана-сезімдерін, өмірге көзқарасын қалыптастыру, «Алаш» партиясының тарихи маңызын кеңірек таныстырып тарату, оқушылардың сыни ойлау, өзін-өзі басқару, әлеуметтену және қабілеттерін дамыту мақсатында Республикалық «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» пікірсайыс турнирін өткізеді.

Турнирге  республиканың жалпы  орта мектептерінен   8-11 сынып оқушыларынан құралған 24 командасының 48 оқушысы - Павлодар, Қостанай, Абай, Солтүстік Қазақстан облыстарынан қатысады.

Турнир 2 кезеңде өтеді: І кезеңде – оқушылар 4 раундтан тұратын британдық парламенттік форматтағы іріктеу кезеңіне қатысады, ІІ кезеңде – Alpha және Betta лигалары бойынша британдық парламенттік форматта плей – оф кезеңіне қатысады және Линкольн – Дуглас форматында «Үздік спикер» номинациясы ойнатылады.

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады.