Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы
30-11-2023 14:49
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі туралы

2023 жылғы 5-6 желтоқсан күндері 5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі алғаш рет өткізіледі. Олимпиаданың мақсаты-шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындық, білім берудің беделін арттыру.

         Олимпиада келесі пәндер бойынша дәстүрлі форматта өтеді: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы.

         Олимпиада кезеңдері:

- мектеп кезеңі – 28 қазан; аудандық – 5-6  желтоқсан.

         Олимпиаданың қалалық кезеңіне қаланың 42 жалпы білім беретін мектептерінен 5-6 сыныптардың 538 оқушысы мектеп кезеңінің жеңімпаздары қатысады.

         Қалалық кезеңінің қорытындысы бойынша I орын алған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.