Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Әбіш оқуларының үздік білгірлері
09-01-2024 14:44
Әбіш оқуларының  үздік білгірлері

       Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен  2024 жылғы 9 қаңтарда 8-11 сынып оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының қалалық  кезеңі өткізілді.

  Конкурстың мақсаты Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығын насихаттау, оқушылардың шығармашылық және эстетикалық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке, ана тілі мен әдебиетке деген сүйіспеншілігін  тәрбиелеу.

       Әбіш Кекілбаев – сан қырлы тұлға, орасан зор қаламгер, әдебиетке жаңашыл, филолог, аудармашы, энциклопедиялық білімі бар тарихшы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, академик. Қоғамдық ғылымдар академиясының, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің құрметті профессоры.

          Байқауға 33 жалпы білім беретін мектептен 75 оқушы қатысты.

         Конкурс төрт номинация бойынша өттті: Әбіш Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»; Ә.Кекілбаевтың шығармаларын жатқа оқу; Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Зерделеу жоба»; «Сахналық қойылым».

Байқау қорытындысы бойынша 40 қатысушы жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде I орын - 4 оқушы, II орын -15, III орын - 21.

    Ә.Кекілбаев шығармаларынан «Иллюстрациялық суреттер салу»  бағытына  бойынша І орынды  М.Әлімбаев атындағы 11 сынып   оқушысы  Петрова Полина;ІІ орынды № 2, 17, 26, 35, 40, 41, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Кенжекөл  мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 7, 25, 29, 31, 43, Қ.Макпалеев атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы, Б.Момышұлы атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.

       «Мәнерлеп оқу» бағыты бойынша I орынды  Мәшһүр Жүсіп  атындағы  10 сынып   оқушысы  Орал Гульден; ІІ орынды № 30, 40, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және Қ.Бекқожин атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 7, 17, 31, 35, С.Торайгыров атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.

    «Зерделеу жоба» бағытында І орынды № 33 мектебінің 10 сынып оқушысы  Оразбек Дария; ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің және № 11мектебінің оқушылары;  ІІІ орынды № 7, 24, Қ.Бекқожин атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.

     Ә.Кекілбаевтың шығармалары бойынша «Сахналық қойылым» бағытында 3 команда сахналық шеберліктерін көрсетті. І орынды № 21 мектеп командасы;  ІІ орынды  № 2 мектеп командасы және ІІІ орынды А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп командасы иеленді.

     Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

      Конкурс жеңімпаздары 2024 жылдың қаңтар айының екінші онкүндігінде өтетін облыстық кезеңіне қатысады.