Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 30 қаңтарда Мәшһүр Жүсіп мектебінде «Мәшһүр Жүсіп оқулары» республикалық байқауының қалалық кезеңі өткізілді.
Байқаудың мақсаты-қазақстандық жазушылардың әдеби мұрасын дәріптеу, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев - қазақ ақыны, ойшыл, тарихшы, этнограф, шығыстанушы және қазақ халқының ауызша халық шығармашылығын жинаушы.
Байқауға қаланың 34 жалпы білім беретін мектебінен 8-11 сыныптың 80 оқушысы қатысты, оның ішінде 45 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде І орын - 5 оқушы, ІІ орын - 15, ІІІ орын – 25.
Ережеге сәйкес байқау төрт бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның өлеңдерін жатқа айтты, жас таланттар өз шығармаларының өлеңдерін оқыды, жаңадан бастаған зерттеушілер Мәшһүр Жүсіп Копеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған жобаларды қорғады.
«Алдым өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген»бағытында І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Жылқайдарова Сана және Б.Момышұлы атындағы 9 сынып оқушысы Хасанова Айгерім;ІІ орынды № 7, 17, 38 мектеп оқушылары; ІІІ орын № 2, 21, 24, А.Шамкенов атындағы лицей-мектебі, М.Әлімбаев атындағы мектеп оқушылары иеленді.
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы»екінші бағытта І бірінші дәрежелі дипломмен № 33 мектебінің 11 сынып оқушысыОразбек Дария, ІІ дәрежелі дипломмен № 2, 30, Малайсары батыр атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп оқушылары; ІІІ дәрежелі дипломмен № 21, 24, 29, 31, 36, 41 мектеп оқушылары марапатталды.
«Білімді зерек адам болам!»- десен, Қара өзіңді басқаның айнасымен» бағытында - І дәрежелі дипломмен10 сынып оқушысы Каиржанова Динара № 33мектеп, ІІ дәрежелі дипломмен № 29, 30, 39, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, М.Әлімбаев атындағы, М.Жүсіп атындағы мектеп оқушылары; ІІІ дәрежелі дипломмен № 7, 25, 31, 36, 38, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебінің, Малайсары батыр атындағы, А.Байтұрсынұлы атындағы, Ж.Тәшенев атындағы, Кенжекөл мектеп оқушылары марапатталды.
«Мәшһүр - Жүсіп шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері»бағытында - І орынды № 21 мектебінің 9 сынып оқушысы, Нурланова Айзере; ІІ орынды № 17, М.Жүсіп атындағы мектебінің, ІІІ орынды 2, 38, Ә.Бөкейхан атындағы лицей – мектебінің, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары иеленді.
Барлық қатысушыларға «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттары берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
Қалалық кезеңнің жеңімпаздары 2024 жылғы ақпанда облыстық кезеңге қатысады.