Менің отбасым – менің байлығым
Қазақстанда отбасы күнін мерекелеу аясында «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылдың 6 қыркүйегінде Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 4 сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына арналған қалалық олимпиада өткізді.
Мақсаты: рухани және мәдени зияткерлік дәстүрлерді сақтайтын ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын ретінде отбасылық ошақтың маңыздылығы мен құндылықтарын өзектендіру болып табылады.
Олимпиадаға 96 қатысушыдан тұратын 32 команда қатысты.
Олимпиада 6 турдан тұрды: «Ұлы адамдар», «Кроссворд», «Мені тап», «Сиқырлы мақалдар», «PROF CITI», «Отбасылық ағаш».
Барлық командалар осы іс-шарадан көптеген жағымды эмоцияларға ие болды. Олипиаданың салтанатты жабылу кезінде ата-аналар домбыра және баянмен ән шырқап, нағыз мерекеге айналдырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
І орын және «Отбасылық олимпиада» кубогы № 26 жалпы орта білім беру мектебінің Нұрлыбек Раянаның отбасына берілді.
II орынды Малайсары батыр, Б. Момышұлы, Ж., С. Торайғыров, Ж. Ташенев атындағы, Кенжекөл, № 7, № 25 мектептері иеленді.
III орынға Қ.Мақпалеев, Қ.Бекқожин, М.Жүсіп атындағы, № 2, 11, 24, 35, 36, 43 мектептері ие болды.