
Павлодарқаласы білім беру бөлімі,«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2024 жылдың 7 қыркүйегінде «Менің отбасым - менің тірегім» атты отбасылық конкурсын өткізді.
Конкурсқа Павлодар қаласының №2, № 6, №11, №14, №18, №24, №27, №31, №35, №39, Малайсары батыр, Қ Бекқожин ,М.Әлімбаев , Мәшһүр - Жүсіп атындағы мектептептерінен 51 қатысушы 17 отбасылық команда қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша :
І дәрежелі дипломмен Мәшһүр Жүсіп атындағы орта мектептің «Сұңқар» командасы марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен М.Әлімбаев атындағы орта мектептің «Комета», №24 орта мектептің «Молния», №35 орта мектептің «Жігер» , № 39 орта мектептің «Дружина» командалары марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен № 6 орта мектептің «Жұлдыздар», №18 орта мектептің «Позитив», А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің «Стрела» командалары иеленді.
«Салауатты отбасы», «Шығармашылық отбасы», «Спорт – біздің отбасылық ұстанымымыз» атты номинациялармен 6 отбасы марапатталды.