Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2024 жылғы 11 қазанда №43 мектепте 8-11 сынып оқушылары арасында облыстық «Шәкәрім оқулары» байқауының қалалық кезеңі өткізілді. Мақсаты - дарынды оқушыларды дамыту және қолдау, Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығын зерттеу және білу.
Қазақ халқының рухани - мәдени өмірінде ерекше із қалдырған тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Шәкәрім - Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ.
Байқауға қаланың 36 жалпы білім беретін мектебінің 8-11 сыныптың 77 оқушылары қатысты.
Байқау төрт бағыт бойынша өтті: «Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» - өлеңдерді жатқа оқу, Шәкәрімнің поэзиясы мен поэмаларынан үзінділер, «Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» - Шәкәрімнің әндерін орындау, «Арыңның болсынөлең айнасындай» - жас ақындар байқауы, «Шәкәрім әлемі» - эссе жазу.
Байқау қорытындысы бойынша 40 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын - 5 оқушы, II орын – 15, III орын – 20 оқушы.
«Мен жаздым өлеңменен бірталай сөз» номинациясы бойынша I орынды Мәшһүр Жүсіп мектебінің 7 сынып оқушысы Зиада Данагүл, II орынды № 21, Ж.Тәшенев атындағы, М.Әуезов атындағы мектеп оқушылары; III орынды № 2, 7, 25, 31, 33 мектеп оқушылары иеленді.
«Ән - өлшеуіш, өлең – күміс» - І орынды Б.Момышұлы мектебінің 8 сынып оқушысы Рахим Інжу және № 40 мектебінің 7 сынып оқушысы Хайрол Ерасыл; ІІ орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің,№ 43, Ж.Тәшенев атындағы, М.Әуезов атындағы мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 2, 24, 25, М.Әлімбаев атындағы, Мәшһүр Жүсіп атындағы мектебінің оқушылары иеленді.
«Арыңның болсынөлең айнасындай»- І орынды Қ.Бекқожин атындағы мектебінің 11 сынып оқушысы Мұрат Заңғар; ІІ орынды № 30 және Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің оқушылары; ІІІ орынды № 38, 41, Малайсары батыр атындағы, Ж.Тәшенев атындағы мектептің оқушылары иеленді.
«Шәкәрім әлемі»- І орынды Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым; ІІ орынды № 2, 29, 38, Малайсары батыр атындағы, Қ.Бекқожин атындағы, Кенжекөл мектебінің оқушылары; ІІІ орынды А.Шәмкенов атындағы лицей-мектебінің, № 7, 17, 30, 35, Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушылары иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары 2024 жылдың қараша айында өтетін облыстық кезеңге қатысады.