
Алматы облысы білім басқармасының ұйымдастыруымен 2024 жылғы 21-22 қазан аралығында III рет Жамбыл Жабаевқа арналған «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өткізілді.Айтысқа жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сыныптарының 36 оқушысы қатысты.
Павлодар облысынан айтысқа 2 оқушы қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының 1 оқушысы - «Жыр алыбы - Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысының қалалық, облыстық кезеңінің жеңімпазы - Қажет Еркеш, № 33 мектептің 10 сынып оқушысы.
Айтыстың қорытындысы бойынша Қажет Еркеш Әсімхан Қосбасаров атындағы арнайы жүлде мен ақшалай сыйлық табысталды. Алматы облысы білім басқармасының Алғыс хатымен шәкірті өнер көрсеткен үшін № 33 мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Куямбаева Арай Аскаровнағатабысталды.