Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жарқын болашақ» қазақ тілі пәні бойынша республикалық олимпиада қалалық кезеңінің қорытындысы
28-01-2025 18:05
«Жарқын болашақ» қазақ тілі пәні  бойынша республикалық олимпиада қалалық кезеңінің қорытындысы

Мәшһүр Жүсіп атындағы мектеп базасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен  2025 жылғы 28 қаңтарда 7-11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі  өткізілді.

Жыл сайын олимпиада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту мақсатында өткізіледі.

Олимпиада 5 бағыт бойынша өтті: «Бейнелеушілер» - қазақ әдебиетіндегі  шығармаларды комикс жанрында салу; «Білгірлер бәйгесі» - халық ауыз әдебиеті үлгілері бойынша сайыс; «Жас қаламгер» - жазбаша шығармашылық жұмыс; «Сөз шеберлері» - шешендік өнер, көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу; «Әнші - бұлбұлдар» - ән айту.

Олимпиадаға қаланың 35 жалпы білім беретін мектебінен 7-11 сыныптың  117 оқушысы  қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша оқушылар 64 жүлделі орынға ие болды: І дәрежелі дипломдармен - 8, ІІ дәрежелі дипломдармен - 18, ІІІ дәрежелі дипломдармен - 38 оқушы марапатталды.

«Бейнелеушілер» бағытында І орынды №40 мектептің оқушысы Шуленова Аделя мен А.Байтұрсынұлы атындағы мектептің оқушысы Кулагина Елизавета иеленді - комикс жанрында сурет салды; «Білгірлер бәйгесі» бағытында №25 мектептің оқушысы Қадыр Дәрия І орынды иеленді - Дәрия жұмбақ шешті, мақал-мақал айтты; «Жас қаламгер» бағытында І орынды  Ә.Бөкейхан атындағы мектеп  оқушысы Солтанмұрат Айяулым ие болды -  ээсе жазды; «Сөз шеберлері» бағыты бойынша І орынды № 26 мектептің оқушысы Александрова Виктория мен № 25 мектептің оқушысы Садвакасова Айым иеленіп, қазылар алқасының сұрақтарына жауап берді; «Әнші - бұлбұлдар» бағытында Ш.Шөкин атындағы  мектеп-гимназиясының оқушысы Ибрай Аружан мен №41 мектеп оқушысы Грищук Арина эстрадалық және дәстүрлі әндерді орындады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз. Оқуда табыс тілейміз!