
Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2025 жылғы 31 қантарда «GAIYP CUP» тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі Малайсары батыр атындағы мектепте өткізілді.
Турнирге 14 мектеп командасынан және дарынды балаларға арналған 4 мамандандырылған білім беру ұйымынан 48 оқушы қатысып, әлеуметтік, білім беру және сыртқы саяси тақырыптарды талқылады.
Британдық парламенттік форматта өткен турнирге төрешілер ретінде пікірсайысшыдан тұратын төрешілер алқасы Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Акиқат» пікірсайыс клубының мүшелері қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Рахжанова Эльмиражәне Темірбек Сара «Талас» командасы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатыныңоқушылары, ІІ дәрежелі дипломмен «Дым идеясыз» командасы, Айдын Айман мен Мөлдір Қабыкен, №30 және №40 орта мектеп оқушылары, ІІІ дәрежелі дипломмен – «Алау» командасы, құрамында Аубакирова Камила мен Такиева Аружан, «Жас дарын» мамандандырылған мектеп-лицейоқушылары және «5G» командасы, құрамында Абиджанов Адилет және Асанов Ансар, М. Әуезов атындағы мектеп оқушылары марапатталды.
«Үздік спикер» номинациясына Қ.Бекқожин атындағы мектептің 11 сынып оқушысы Шакарымова Адия және М.Әуезов атындағы мектептің 10 сынып оқушысы Асанов Ансар, ие болды.