«Денсаулық күнтізбесі» байқауының қорытындысы
Павлодар қаласы білім бөлімінің "Павлодар дарыны" бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2025 жылдың 31 қаңтарында 6 сынып оқушыларына арналған байқау өткізді.
«Денсаулық күнтізбесі» байқауына қаланың 24 жалпы білім беретін мектебінен 120 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша 12 команда жүлдегер атанды, соның ішінде І орын - 2 команда, ІІ орын - 3, ІІІ орын - 7.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дамыту орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады