2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математикалық олимпиадасының қорытындысы
2025 жылғы 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі негізінде 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІІ республикалық математикалық олимпиадасы өтті.
Олимпиаданың мақсаты - бастауыш мектеп жасындағы балаларды анықтау, дамыту және қолдау, олардың математика бойынша білімдерін тереңдету және кеңейту.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларынан 46 командадан тұратын 2-4 сыныптардың 138 оқушысы қатысты. Павлодар облысы атынан республикалық олимпиадаға Павлодар қаласының 6 оқушысы қатысты: № 7, 25, 39, Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің 4 оқушысы және «Детвора» білім беру кешенінің 2 оқушысы қатысты.
Олимпиаданың республикалық кезеңі командалық жарыс түрінде үш тур бойынша өткізілді: «Әу, баста!» (командалық сынақ); «Көкпар» (командалық сынақ); «Математикалық бәйге» (ауызша жеке сынақ). Олимпиаданың тапсырмалары математикалық логикаға негізделген, дұрыс пайымдауды, дұрыс қорытынды жасауды үйретеді.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Павлодар қаласының командасы Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің I дәрежелі дипломымен марапатталды.
Жеке есепте ІІІ дәрежелі дипломдармен № 39 мектептің 3-сынып оқушысы Хабылбеков Али Кахан және «Детвора» білім беру кешенінің 2-сынып оқушысы Путиков Артем, 4-сынып оқушысы Мухамедияров Абулхаир марапатталды.
Олимпиададағы ерекше жетістіктері үшін мақтау қағазымен № 25 мектептің 3-сынып оқушысы Шайман Мерғалым марапатталды.
Қатысушылар үшін түрлі қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды: хайуанаттар бағына экскурсия, ойын-сауық викторинасы және «Өз- өзіңе сен» психологиялық тренингі.