Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Павлодарлық оқушы Қ.Бітібаева атындағы олимпиадада өзінің біріншілігін растады
24-04-2025 17:49
Павлодарлық оқушы  Қ.Бітібаева атындағы олимпиадада өзінің біріншілігін растады

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2025 жылғы 21-24 сәуірде  Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада өткізді. Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан, Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан республикалық білім беру ұйымдарының 169 оқушысы қатысты. Павлодар облысынан республикалық олимпиадаға 9 оқушы, оның ішінде Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Солтанмұрат Айяулым қатысты. Олимпиада екі турдан тұрды: эссе жазу және ауызша тапсырма. Қатысушылар Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық және шығармашылық еңбектері бойынша өзара жарысты.          Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Павлодар қаласының оқушысы жеңімпаз атанып, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің  ұжымын және Айяулымды жеңісімен  құттықтаймыз.