
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен 2025 жылғы 25 сәуірде «Жыр алыбы – Жамбыл» республикалық айтысының қалалық кезеңі өткізілді.
Айтыстың мақсаты – қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық әдебиетті оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Айтыс - бұл екі ақынның домбырада ойнап, белгілі бір тақырыпта әндік диалог жүргізіп, ақыл-есі мен тапқырлығы бойынша кезекпен жарысуы.
Қаланың 7 жалпы білім беретін мектебінен № 30 (2), 33, 35, 38, Қ.Бекқожин атындағы, С.Торайғыров атындағы, Ж.Тәшенев атындағы 7-11 сыныптардың 8 оқушысы қатысты.
Айтыс екі бағыт бойынша өтті: «Тақырыптық айтыс» және «Қайым айтыс»:
- «Тақырыптық айтыс» І орын иегерлері № 33 мектептің 10 сынып оқушысы Қажет Еркеш және № 38 мектептің 7 сынып оқушысы Өнерханұлы Елжан; ІІ орын иегерлері 10 сынып оқушылары Қ.Бекқожин атындағы мектеп Оразбаева Анель, № 35 мектеп Манат Саида; ІІІ орын иегері С.Торайғыров атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Сыздыкова Саида.
Қазылар алқасы оқушылардың шығармашылығын, музыкалық және ритмді, сондай – ақ қарсыластың аргументтеріне қарсы тұрудағы ақылдылығын атап өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Айтыс жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.