2025 жылғы 15 мамырда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-6 сынып оқушыларына арналған математика, жаратылыстану, Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша республикалық олимпиаданың Ж.Тәшенев атындағы мектебінде қорытынды кезеңін өткізді.
Іс-шараға Павлодар облысының 15 оқушысы - облыстық кезеңнің жеңімпаздары, оның ішінде Павлодар қаласының Ж.Тәшенев атындағы мектебінің 5 сынып оқушысы - Жанатаева Айзере және № 39 мектебінің 6 сынып оқушысы Казачков Давид қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша Казачков Давид - орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі бойынша IІ орынға ие болды.
