Павлодарлық оқушылар облыс әкімімен марапатталды
Дарынды балаларды қолдау мақсатында Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында оқушылардың Павлодар облысының әкімі Асаин Байхановпен жыл сайынғы кездесуі өтті. Салтанатты шараға облыстың 100 жас дарыны қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 54 оқушысы-республикалық және облыстық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.
Кездесу соңында облыс әкімі оқушыларға Алғыс хаттар мен 100 мың теңгеге ақшалай сертификаттар табыс етті.
