Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жас суретшілер байқауы
04-06-2025 18:41
Жас суретшілер байқауы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2025 жылдың 4 маусым күні «Polymath» жазғы кешенді іс-шаралары аясында 2-4 сынып оқушылары арасында «Ұлы арман» бағытында «Абайды оқы, ерінбе» жобасын өткізді.Жас суретшілер ақынның 4 мезгілі туралы лирикалық өлеңдерімен байланысты тақырыптардың бірін таңдады.

Қаланың 25 жалпы білім беретін мектебінің 2 - 4 сыныптың 33 оқушысы қатысты.

Жобаның мақсаты - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, шығармалары өзектілігін жоғалтпайтындығын, ұрпақ үшін қызықты екенін көрсету.

«Ұлы арман» байқауының қорытындысы бойынша 22 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: I орын – 2, II орын – 8,  III орын – 12.

І орынды Түсіпбаева Карина № 14 мектептің және Чашин Артур № 43 мектептің 4 сынып оқушылары иеленді. ІІ дәрежелі дипломдармен № 2, 6, 30, 39, М.Әлімбаев атындағы, М.Әуезов атындағы, А.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің, Жетекші мектебінің оқушылары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен № 2, 7, 17, 24 (2), 26, 29, Мәшһүр Жүсіп, Б.Момышұлы, А.Байтұрсынұлы, Ж.Ташенев, Жетекші мектептерінің оқушылары марапатталды.

Оқушылар Абай шығармаларының көркемдік шеберлігі мен өз білімдерін көрсетті.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.