Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Абай мұрасы жаңа ұрпақ дауыстарында
05-06-2025 15:51
Абай мұрасы жаңа ұрпақ дауыстарында

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2025 жылдың 5 маусым күні «Polymath» жазғы кешенді іс-шаралары аясында 2-4 сынып оқушылары арасында «Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән» бағытында «Абайды оқы, ерінбе» жобасын өткізді.

Қаланың 27 жалпы білім беретін мектебінен және «Академия успеха» жеке меншік мектебінің 2-4 сыныптың 34 оқушысы қатысты.

Жобаның мақсаты - ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқушылар арасында насихаттау, шығармалары өзектілігін жоғалтпайтындығын, ұрпақ үшін қызықты екенін көрсету.

«Құлақтан кіріп бойды алар, әсем ән» - ақынның әндерін орындау шеберлігі мен әдісі бағалану  жобасының бағыты қорытындысы бойынша 20 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде: І орын - 2, ІІ орын -5, ІІІ орын - 13.

І орынды № 27 мектептің 4 сынып оқушысы Камкова Елизавета және № 18 мектептің 2 сынып оқушысы Барышева Айнель иеленді. ІІ дәрежелі дипломдармен № 2, 25, 26,  Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебі, Б.Момышұлы атындағы мектептердің оқушылары марапатталды. ІІІ дәрежелі дипломдармен № 17, 21, 29, 24, 35, 39, 40, 46, Ә.Бөкейхан атындағы лицей-мектебінің, Малайсары батыр атындағы,  Ж.Тәшенев атындағы, С.Торайғыров атындағы, Кенжекөл  мектептерінің оқушылары марапатталды.

Оқушылар Абайдың әндерін орындап, өздерінің жоғары вокалдық қабілеттерін көрсетті.

Барлық қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен және I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды.