Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ерлік жолымен: оқушылар сарбаздар қонағы болды
12-06-2025 15:30
Ерлік жолымен: оқушылар сарбаздар қонағы болды

«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 12 маусым күні Павлодар қаласындағы «Заң» азаматтық-құқықтық мектебі аясында 6679 әскери бөліміне танымдық экскурсия ұйымдастырды.

Іс-шараға қаланың  № 2, 7, 11, 17 (2 ), 21, 24, 26,  31, 33, 35, 36, 39 (5 ), 43, Ш. Шокин, М. Алимбаев, А. Шамкенов (2), М. Жүсіп, С. Торайғыров,  А. Байтұрсынұлы,                   Ж. Тәшенев (2) және М. Әуезов атындағы 21 жалпы білім беру мектептерінен 30 оқушы  қатысты..

Экскурсия барысында оқушылар әскери қызметшілердің күнделікті өмірі және әскери бөлімнің тыныс-тіршілігімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Олар бөлім аумағын, казармаларды, оқу сыныптарын, спорт және жаттығу алаңдарынымен  танысты. Әскери қызметшілер саптық және тактикалық дайындықтан үзінділер көрсетіп, армиядағы қызмет, күн тәртібі мен жауынгерлік міндеттер жайлы баяндады.

Бұл іс-шара шынайы ерлік сабағына айналды. Оқушылар әскери қызметтің азаматтық борыш пен тұлғалық қалыптасудағы маңызын түсініп, отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін тереңірек ұғынды. Көптеген жасөспірімдер үшін бұл кездесу болашақтағы армия қызметі туралы ойлануға түрткі болды.

6679 әскери бөліміне жасалған бұл сапар тек оқушылар үшін ғана емес, ұйымдастырушылар үшін де маңызды оқиғаға айналды — бұл ұрпақтар сабақтастығының бекемдігін және Қарулы Күштерге деген құрметтің артып келе жатқанын дәлелдеді.