Павлодарлық оқушылар қала әкімдігімен марапатталды
Дарынды балаларды ынталандыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Анатольевна Гладышеваның республикалық олимпиадалардың, жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалар конкурстарының, шығармашылық конкурстар мен пікірталас турнирлерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен жыл сайынғы кездесуі өтті.
Светлана Анатольевна кездесуге қатысушыларды жоғары жетістіктерімен құттықтап, одан әрі табыс, шабыт және жаңа биіктер тіледі.
Кездесу соңында оқушыларға алғыс хаттар мен ноутбуктер табыс етілді.
