Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық зерттеу жобалар байқауы
17-10-2025 13:04
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық зерттеу жобалар  байқауы

2025 жылғы 15 қазанда  Павлодар қаласының Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі өтті. Ұйымдастырушы – Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы.

Мақсаты – дарынды  жас зерттеушілерді қолдау, интеллектуалдық әлеуетінің қалыптасуына ықпал ету.

Байқауға қаланың 38 орта мектебінен 271 оқушы қатысты. Қазақстан Республикасы Білім министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша 14 пен 16 жас аралығындағы жас зерттеушілер өз жұмысын қорғады.

 «Физика», «Технология», «Жер және ғарыш туралы ғылым» бөлімдерінде «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде.

«Математика», «Қолданбалы математика», «Экономика», «Информатика» бөлімдерінде «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу».

«Биология», «Химия», «Қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау» бөлімдерінде «Қазақстан 2050» стратегиясын іске асырудың негізі - салауатты табиғи орта».

«Тарих», «Өлкетану», «Этномәдениеттану», «Әдебиет», «Тіл білімі», «Адам және қоғам» бөлімдерінде «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар».

Қатысушылар арасынан 182 оқушы жеңімпаз және жүлдегер атанды (I -20, II–55, III–107).

Оқушылардың орындау нәтижелері бойынша «Ең үздік қалалық команда» номинациясы бойынша: І дәрежелі дипломмен Ә. Бөкейханатындағы лицей-мектебі және № 25 жалпы орта білім беру мектебі; ІІ дәрежелі дипломмен № 7, 29, 35,   Ж. Тәшенев атындағы, ІІІ дәрежелі дипломмен № 2, 11, 17, 18, 21, Кенжекөл, М.Әуезов  атындағы  мектептер марапатталды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстық іріктеу кезеңіне қатысады.