«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 11-сынып оқушылары арасында Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңіөткізді. Олимпиаданың мақсаты - орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау.
Іс-шараға Павлодар қаласының 34 мектебінен 42 оқушы қатысты.
Президенттік олимпиаданың қорытындысы бойынша 21 оқушы марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломдармен – 1, ІІ дәрежелі – 9, ІІІ дәрежелі - 11. Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңіне мөлшерлемеге сәйкес 10 оқушы қатысатын болады.
