Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ
30-09-2026 15:54
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЖАС ЗЕРТТЕУШІЛЕР ӨЗ ЖОБАЛАРЫН ҚОРҒАДЫ

Жас зерттеушілерді анықтау және қолдау, сондай-ақ дарынды оқушылардың шығармашылық қызметін одан әрі дамыту мақсатында 2026 жылғы 24 және 28 қыркүйекте «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары конкурсының қалалық кезеңі өтті. Жыл сайынғы байқауға 47 мектептен 579   2-8 сынып оқушылары қатысты.

Зерттеу жұмыстары 12 секция бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті; орыс тілі мен әдебиеті; шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация; математика, қолданбалы математика; физика, ғарыш және жер туралы ғылымдар; туризм, спорт және қауіпсіз тіршілік әрекеті; тарих, өлкетану, құқықтық және азаматтық сауаттылық; этномәдениеттану және мәдениеттану мұра; химия, биология; экология, адам денсаулығы және психология; информатика, жасанды интеллект, робототехника және STEM-инженерия; технология, өнер, дизайн және шығармашылық салалар.

Конкурс қорытындысы бойынша 359 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды: I орын - 52, II орын -139,  III орын – 168.

Оқушылардың сөз сөйлеу нәтижелері бойынша:

- I дәрежелі дипломмен «Ең үздік қалалық команда» номинациясы бойынша №25 мектеп марапатталды;

- II дәрежелі дипломдармен: № 47, 39, 35, 7, Ш.Шөкин атындағы гимназия-мектебі,                      М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектептер марапатталды.

- ІІІ дәрежелі дипломдармен: Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі,  № 2, 48, 17, 21, 18, 26, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, , С. Торайғыров атындағы, М. Жүсіп атындағы, Кенжекөл және Жетекші мектептері марапатталды.

«Зерде» конкурсының облыстық іріктеу кезеңіне І және ІІ жүлделі орындарға ие болған зерттеу жобаларының авторлары қатысады.