Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қалалық Мақатаев оқуларының қорытындысы
07-10-2026 17:37
Қалалық  Мақатаев оқуларының қорытындысы

Қалалық  Мақатаев оқуларының қорытындысы

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен 2026 жылғы 7 қазанда «Мұқағали Мақатаев оқулары» қалалық кезеңі өткізілді.

Мақсаты - қазақ классикалық әдебиетін оқитын, қазақстандық жазушылардың өмірі мен шығармашылығын білетін оқушыларды қолдау және насихаттау. Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы атақты қазақ ақыны, жазушысы және аудармашысы,қайтыс болғаннан кейін даңқ пен құрметке ие болды.

            Қаланың 26 жалпы білім беретін мектебінен 7-11 сыныптың 22 оқушысы қатысты. Ережеге сәйкес конкурс үш бағыт бойынша өткізілді. Қатысушылар ақынның поэмаларын, өлеңдерін жатқа біліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған өз шығармаларының өлеңдерін оқуы керек еді.

Байқау қорытындысы бойынша  12 қатысушы жүлдегер атанды, оныңішінде: I орын – 2 оқушы,   II орын – 4,   III орын – 6 оқушы.

- «Айтып өткен ақында арман бар ма?» бағытында І орынды  № 47 мектебінің 7 сынып оқушысы Калайбекова Амели,  ІІ орынды №  30, 46мектеп оқушылары,  ІІІ орынды № 14, 33, 38, 39 мектеп оқушылары иеленді.

- Жас ақындар байқауының қорытындысы бойынша «Көкірегімде жыр сәулесі маздайды...» - І орынды М.Жүсіп атындағы мектебінің 10 сынып оқушысы Шахмарданов Абдулазиз, ІІ орынды - № 48, Қ.Бекқожин атындағы мектеп оқушылары, ІІІ орынды № 25, 30   мектеп оқушылары иеленді.

 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздары оқудың облыстық кезеңіне қатысады.