Қалалық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсының қорытындысы
Павлодар қаласының білім беру бөлімі, «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы 2026 жылғы 15 қазанда 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңін Павлодар қаласының №7, Мәшһүр Жүсіп атындағы, М.Әуезов атындағы, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектептерінде өткізді.
Конкурстың мақсаты – оқушылардың туған өлке тарихына қызығушылығын арттыру, өлкетану зерттеуін жүргізу, тарихи дереккөздерді іздеу, талдау және салыстыру, негізделген қорытындыларды тұжырымдау, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін көпшілік алдында таныстыру дағдыларын дамыту.
Конкурс екі тур бойынша өткізілді:
1 тур: барлық өңірлерде бір мезгілде басталатын тестілеу;
2 тур: тиісті номинация бойынша зерттеу жұмысты қорғау.
Іс-шараға Павлодар қаласының 32 мектебінен 69 оқушы қатысты.
Конкурстың қорытындысы бойынша 34 оқушы марапатталды, оның ішінде І дәрежелі дипломдарымен - 5, ІІ дәрежелі – 14, ІІІ дәрежелі – 15.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен және қалған қатысушылар «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сертификаттарымен марапатталды.
Конкурс жеңімпаздары конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.
