«Иса оқулары» байқауының облыстық кезеңі
«Исаоқулары» байқауының облыстық кезеңі
2026 жылғы 20 қазан күні «Өмірі өшпес өнеге» атты облыстық «Иса оқулары» өткізілді.
Облыстық оқулар бес бағыт бойынша өткізіліп, өңірдің қала-аудандарынан келген қатысушылардың басын қосты.
Мұндай шығармашылық кездесулер әдеби мұраны танып-білуге, көркем сөзге қызығушылықты арттыруға және қатысушылардың қабілетін шыңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзара тәжірибе алмасып, жаңа ізденістерге шабыт алуға жол ашады.
Іс-шараға Павлодар қаласының № 48 жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жекебай Майра - «Жас исатанушылар» номинациясы бойынша қатысып, III орынға ие болды.
