Облыстық «Менің шағын Отаным» жас тарихшылардың интеллектуалдық конкурсының қорытындысы
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2026 жылғы 21 қазанда 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Іс-шараға қалалардың, аудандардың жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің оқушылары, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 5 оқушысы – «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпаздары № 6, 35, 43, А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп оқушылары қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша Павлодардан бес оқушы жүлделі орындарға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.
