Қазақстан Республикасы күніне арналған пікірсайыс турнирі!
2026 жылғы 21 қазан күні«Павлодар дарыны»бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығыМалайсары батыр атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қазақстан Республикасы күніне орайқалалық «DARYNPRACTICECUPIV» (орыс лигасы) пікірсайыс турнирін өткізді.
Мақсаты - пікірсайыс турнирін өткізу арқылы оқушылардың зияткерлік әлеуетін арттыру, шешендік және пікірталас мәдениетін дамыту, елжандылық пен азаматтық жауапкершілік сезімін нығайту.
Турнирге Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 17 команда (34 қатысушы)қатысып, өздерінің шешендік өнерін, сыни ойлау қабілеттерін және дәлелді сөйлеу дағдыларын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша І орын – С.Торайғыров атындағы мектеп командасы, ІІ орын – № 39 мектеп, ІІІ орынды - № 25, М.Әуезов атындағы мектеп, А.Шамкенов атындағы лицей-мектебінің командалары иеленді.
«Үздік спикер» номинациясы - А.Шамкенов атындағы лицей-мектебінің оқушысы Репина Виктория , «Үздік төреші» номинациялары бойынша - Грищенко Ангелина анықталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды.
