Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)625053
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
«Буллингсіз мектеп – қауіпсіз болашақ!»
19-11-2026 14:38
«Буллингсіз мектеп – қауіпсіз болашақ!»

«Буллингсіз мектеп – қауіпсіз болашақ!»

          2026 жылғы 18 қарашада «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Стоп буллинг» жобасы аясында «Буллингсіз мектеп – қауіпсіз болашақ!» тақырыбында іс-шара өткізілді.

          Іс-шараға Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 9-сынып оқушылары қатысты.

         Негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасындағы буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, оқушылар арасында өзара сыйластық, түсіністік пен қолдауға негізделген қауіпсіз психологиялық орта қалыптастыру.             

         Сонымен қатар қатысушылардың эмпатиясын дамыту, өз пікірін еркін білдіру, өзгелердің көзқарасын құрметтеу және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру көзделді.

        Іс-шара дәстүрлі дәріс форматында емес, оқушылардың белсенді қатысуына, ашық пікір алмасуына және бірлесіп шешім қабылдауына бағытталған интерактивті алаң ретінде ұйымдастырылды.

         Бағдарлама аясында қатысушыларға бірнеше танымдық тапсырма ұсынылды. Атап айтқанда, «OPEN MIC» (Ашық микрофон) бөлімінде оқушылар буллинг мәселесіне қатысты өз ойларын ортаға салып, пікірталас барысында жеке ұстанымдарын дәлелдермен жеткізді.Ал «Жағдаятты шеш» атты топтық тапсырма барысында қатысушылар нақты өмірлік жағдаяттарды талдап, туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын ұсынды. Жеребе нәтижесінде алты командаға бөлінген оқушылар топтық жұмыс арқылы буллингтің жеке тұлғаға тигізетін кері әсерін талқылап, оның алдын алу мен оған қарсы күресудің жолдарын қарастырды.

           Іс-шара барысында оқушылар өзара пікір алмасып, бір-бірінің көзқарасын тыңдап, кез келген қысым көрсету мен кемсітушілікке бейжай қарамаудың маңыздылығын түсінді.

           Осындай тәрбиелік және танымдық іс-шаралар жасөспірімдердің бойында мейірімділік, жанашырлық, жауапкершілік пен өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.

           «Біз біргеміз – біз күштіміз!»ұранымен өткен кездесу қатысушыларға буллингке қарсы ортақ жауапкершіліктің маңызын ұғындырып, қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.