Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
Кенжекөл орта мектебінің оқушысы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды
20-11-2026 15:36
Кенжекөл орта мектебінің оқушысы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

Кенжекөл орта мектебінің оқушысы республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды

 

2026 жылғы 16-20 қараша аралығында Астана қаласында ауыл мектептерінің 10-11-сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім додасына Қазақстанның барлық өңірінен 400-ден астам дарынды оқушы қатысты.

Республикалық кезеңде Павлодар облысының намысын облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 20 оқушы қорғады. Олардың қатарында Павлодар қаласындағы Кенжекөл орта мектебінің екі оқушысы да болды.

Олимпиада қатысушылары жеті пән бойынша өз білімдері мен қабілеттерін сынға салды. Атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде білім беретін мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде білім беретін мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері және ағылшын тілі пәндері бойынша бақ сынады.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Кенжекөл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Құрман Айым Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің III дәрежелі дипломымен марапатталып, қола медаль иегері атанды.

Айымға «Дарын» республикалық сырттай оқу мектебінде білімін жалғастырып, алдағы интеллектуалдық сайыстарға дайындалуға мүмкіндік берілді.

Айымды және оның ұстаздарын лайықты жетістігімен құттықтаймыз! Алар асулары биік, бағындырар белестері көп болсын!