.Павлодар қаласы әкімдігі,Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы» МҚКК жылда өткізілетін «Эстрадалық вокал» номинациясы байқауымен «Балауса-2012» қалалық балалар шығармашылығы фестивалі 2012 жылдың 16 ақпанынан басталды.
Балалар шығармашылығы байқауы қаланың ең талантты оқушыларын біріктіреді.Бұл байқаудың ерекшелігі,бастаушы талапкерлер үлкен сахнаға алғашқы қадам жасайды- бұған көркем өнерпаздар ұжымы және әншілер қатыса алады.
«Балауса» балалар шығармашылығы фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады,таланттарын айқындайды,оқушыларды өнердің әр түріне баулиды.
Биылғы жылы байқау үш номинацияда өтеді – эстрадалық, театралдық және хореографиялық. «Эстрадалық вокал» номинациясы байқауының іріктеу кезең фестивалі бастау алды. Әрі қарай қалған номинацияның байқаулары өтеді.
Қорытындылар сәуір айында гала –концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді.
Бүгінгі күні ұйымдастырушы комитетке барлық қаланың мектептерінен, мектептен тыс мекемелерден,балалар үйінен, мектеп-интернаттан жүзден аса тапсырыс қабылданды.«Эстрадалық вокал» номинациясына 7 -17жасқа дейін 101 конкурсант тапсырыс берді. Жылда осы байқаудың бағыты ауысып тұрады –биылғы жылы әншілер арасында өтті.Өткен жылы тек ұжым ғана қатыса алатын (дуеттер,трио,квартеты және т.б.) Іріктеу туры біркүнді алды.
Жылдан жылға қатысушылар саны ғана емес, олардың шеберлік деңгейі де өсуде. Әділ қазылар құрамына кәсіби вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер, қаланың мәдени орталығынан, музыкалық мектептер , педагогикалық колледж ұстаздары енді. Жылдан жылға қатысушыларды бағалау қиынға түсуде- әрқайсысы өз ерекшеліктерімен көзге түсуде.
Әділ қазылар конкурсанттарды келесі критерийлер бойынша бағалады-орындаушеберлігі,сценалық мәдениет,артистизм,репертуар,номер мазмұны. Әділ қазылар іріктеу қорытындысы бойынша 55 лауреат анықталды- қатысушылардың 40 % әрбір жас ерекшелігі тобында (байқау нәтижесі Павлодар қаласы білім беру бөлімінің ресми сайтында)
«Театралдық жанр» номинациясының іріктеу кезеңі 1 наурызда өтеді.
