Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Адрес: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Екі жұлдыз» қалалық фестивалінің басталуы
13-04-2012 06:22

13, 16 сәуірде сағ15.00 №24 ЖОБМ (Мекен-жайы:Кутузов, к-сі , 190) кәмелетке толмағандарды бақылаусыздықтан, қаңғыбастықтан және қылмыс, құқық бұзушылықтан сақтандыру бойынша «Путь к себе: шаг за шагом» жоба шеңберінде Павлодар қаласы жалпы білім беру оқушылары арасында «Екі жұлдыз» қалалық фестивалінің іріктеу туры өтеді. Осы шара  мектеп іші бақылауында және кәмелетке толмағандар ісі жөнінде есепте тұрғандардың, оқушылар мен  мұғалімдердің  байланысын нығайтады.

Ұзақ мерзімді «Путь к себе: шаг за шагом» жобасы ББУҚШО 2008 жылдан жүзеге асырылады. Жобакәмелетке толмағандарды бақылаусыздықтан,қаңғыбастықтан және қылмыс,құқықбұзушылықтан сақтандыру мақсатында жасөспірімдер мен балалардың  адамгершілік – эстетикалық тәрбиесіне бағытталған. Оның мақсаты–ББУҚШО ұйымдастырушы-ұстаздарының бақылауымен  КТІЖ есепте тұрғандардың  шығармашылық тапсырмаларын орындау, балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту. Осы берілген тапсырманы орындау  қорытындысы бойынша ББУҚШО өзін жақсы жағынан көрсеткен оқушыларды КТІЖ есебінен шығаруды ұсынады. Осы жоба шеңберінде мектеп іші бақылауында және кәмелетке толмағандар ісі жөнінде есепте тұрғандар, жасөспірімдер мен балалардың бос уақытын спорттық,шығармашылық шаралармен қамту ұйымдастырылды.

Бос уақытын қамту шаралардың бірі «Екі жұлдыз» фестивалі. Ол бірінші рет өткізіліп жатыр. Жоба мақсаты – МІБ және КТІЖ есепте тұрғандарды ұстаздардың оқушылармен қарым-қатынаста формалды емес, сенімді қарым-қатынасқа аудару. Байқаудың команда қатысушылары (директор, директордың тәрбие жөніндегі  орынбасары, әлеуметтік педагог, мектеп инспекторынан) ұстаз және оқушылардан құралады. Тәртібі қиын балалармен жұмыс бойынша мемлекетпен көп жұмыс ұйымдастырылды-жалпы білім беру жүйесіне әлеуметтік педагог,психолог,мектепте вожатый және инспектор мамандығын енгізу және олардың бос уақытын есептеу. Осы шаралар жақсы нәтиже береді. Ұстаз бен оқушының қарым-қатынасы тығыз болғандықтан  қорытындысы да тиімді.роект «Екі жұлдыз» жобасы осы мәселені шешуге ұсынылған, мүмкін қоғамдық тәрбиешілер қажеттілігі қажет болмайды.

Фестивалге қаланың барлық мектептері қатысады. Фестивальіріктеу және  финал турынан (гала-концерт)тұрады.Іріктеу турында көп балл жинаған 7 команда финалға шығады. Іріктеу турында команда орындайтын тапсырма:«Мир глазами детей и взрослых» тақырыбында өлең  орындау. Фестивал қорытындысы бойынша қатысушылар сыйлықтармен марапатталады.

Фестивал ұйымдастырушысы  Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылық орталығы.Павлодар қаласының  қосымша білім беру жүйесінде Орталық басынан бастап кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудан сақтандыру  туралы ережені өзінің ең бір негізгі қызметі ретінде қабылдады. ББУҚШО бұл бағытта мемлекеттік  мекемелермен бірлесіп жұмыс ұйымдастырады, сонымен қатар бір қатар әлеуметтік-педагогикалық жобаларды жүзеге асырады.Бұған  – «Путь к себе: шаг за шагом» жобасы, «Заң» азаматтық-құқықтық мектебі және «Амал» әлеуметтік-құқықтық клубы жатады. Осы ұзақ мерзімді жоба шеңберінде жыл сайын 500-ден аса  шара өткізіледі қала  мектептерінің 5000 мың балалары мен жасөспірімдері қатысады.