Павлодар қаласы мектептерінің жалаулар тобы арасында 27 сәуірде Жеңіс Алаңында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 20-жылдығына арналған «Равнение на Флаг!», V қалалық жалаулар тобының байқауы өтеді.
Оқушылардың қазақстандық патриоттық сезімінқалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілігін,сонымен қатар өзінің азаматтық міндетін табысты орындауға қабілетті, адамзаттық қасиетке ие жеке тұлғаны дамыту мақсатында «Равнение на Флаг!», қалалық жалаулар тобының байқауы жыл сайын өткізіледі.
Байқауға қаланың мектебінің он беске жуық жалаулар тобы қатысады. Әділ қазылар құрамына қалалық әскери бөлімі, соғыс және еңбек ардагерлері, Ауған соғыс ардагерлері және алғашқы әскери дайындық мұғалімдері енеді. Байқауға қатысу келесі критерийлер бойынша бағаланады: команданы анық орындау, сапттық қадам,сыртқы киім,Қазақстан Республикасының рәміздерін, Конституцияның негізгі заңын,туған жер тарихын және АӘД негіздерін білу. Жеңімпаздар дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.
Дәстүр бойынша байқау жалаулар тобының салтанатты маршымен ашылады және жабылады.