Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ПАВЛОДАРДА МЕКТЕПТІҢ БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ
10-12-2012 12:13
ПАВЛОДАРДА     МЕКТЕПТІҢ  БАСПАСӨЗ-ОРТАЛЫҒЫ  БАЙҚАУЫ   ӨТЕДІ

 

11 желтоқсанда сағ. 10.00-де жиырма шамасында мектептің қатысушыларымен «Мектептің 12 сәті» дәстүрлі қалалық фестивалінің «Мектеп дауысы» шеңберіндемектептің баспасөз-орталықтары байқауының төртінші кезеңі өтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары қаланың әрбір оқу мекемелерінің қолданысындағы мектептің баспасөз-орталық қызметін қолдау үшін алғашқы рет бұл номинацияны құрды.

Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығының директоры Наталья Павловская: «Мектептің баспасөз-орталығының жұмысы балаларды ұйымшылдыққа, олардың   коммуникативтік қабілетін көтеруге, олардың мектеп және сынып ұжымының мәртебесін көтеруге мүмкіндік туғызады. Осы  шығармашылық жұмыс нәтижесінде балалардың оқуға уәждемесі өседі, әдеби шығармашылық дағдыларын жетілдіреді, шығармашылық қабілеттері дамиды,алғашқы журналистік тәжірибесі пайда болады».

Аумақты мектеп фестивалі қазан айында бастау алды. 12 «сәт» байқау фестивалінен тұратын фестиваль жыл бойы 12 кезеңнен,мектеп өмірінің әртүрлі бағыты бойынша өтеді (осы оқу жылы басталып,келесі жылы аяқталады). Фестиваль жаппай болып табылады – мұнда бірнеше мың оқушы, мыңнан аса мұғалім қатысады. Қалалық фестивалдің  әрбір «сәті» өмірден өткен,біздің қаланың білім беру бөлім жүйесін  дамытуға маңызды үлес қосқан 12 еңбек сіңірген мұғалімдердің есіміне арналады. «Мектеп дауысы» туры мектептің   кітапхана қызметкерлері  қалалық әдістемелік бірлестігінің жетекшісі, 28 жыл өтілімімен мектеп кітапханашысы  Овсянникова Людмила Павловнаныңесіміне арналады.

«Сәт» жанры фестиваль қатысушыларының еркі бойынша таңдалады. Әрбір «сәт» бойынша жеке әділ қазылар құрылады. Төртінші  байқау турының әділ қазыларына педагогтар, журналистер енеді. Мектептің баспасөз-орталығы келесі критерийлер бойынша бағаланады: тұжырымдылығы ,теле-радио бағдарлама баспасөз деңгейінің сапасы, мазмұны, материалдың әдеби-көркемдік деңгейі, баспасөз ресімделуі.

Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40%  лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы  және  барлық  жанрдағы  лауреат  санымен анықталады. «Мектептің 12 сәті» қалалық фестивалі балалар мен жасөспірімдерді ұжымдық шығармашылық қызметке жаппай баулу,мектеп дәстүрін қолдау,оқушылардың туған мектеп тарихына қызығушылығын туғызу,өткен жылғы ұстаздарды еске алу.