Сенім телефоны
8(7182)625053
email: pvldaryn@goo.edu.kz
Мекенжайы: Город Павлодар, ул. Площадь Победы, 13
8(7182)627209
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «БАЛАУСА-2013» БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ЖАЛҒАСУДА
31-01-2013 07:57

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі  Балалардың  бос уақытын қамту және шығармашылық орталығымен жыл сайын өтетін «Балауса - 2013» балалар шығармашылық фестивалі жалғасуда. Ежелгі балалар шығармашылық байқауының бірі қаланың талантты оқушыларын біріктіреді. 1ақпанда сағ. 12.00.  «Эмералд» БАК (Мекенжайы: Қамзин к., 346, №21 мектептің ғимараты) фестиваль бағдарламасына алғаш рет енгізілген және жаңа бастаған сиқыршылар мен цирк әртістерінің үлкен сахнада алдыңғы қадамын көрсететін «Өзіндік жанр» туры өтеді. 

Дәстүрлі фестиваль  байқау жанрының  көбею себебінен  өткен жылдың аяғынан  әдеттегіден ертерек басталды. Фестиваль  жыл сайын  ауысатын  балалар шығармашылығының   үш  бағыты бойынша байқау жариялайды. Биылғы жылы байқау бес номинацияда өтеді – «бағдарлама жүргізушісі», «Халық аспаптар оркестрі», «Вокал», «Хореография», «Өзіндік жанр». Соңғы жанр фестиваль бағдарламасына алғаш рет тәжірибе ретінде  сиқыр көрсету,канат бойынша жүру, үйретілген аңдармен жұмыс, әртістік сайыс,жарық шоуы, көркемдік ысқырық, акробаттық нөмірлер және т.б. енеді. «Вокал» номинациясы – фестивал бағдарламасына  үнемі енеді, жыл сайын үлгісін өзгертеді: былтырғы жылы жеке орындаушылар жарысса, биылғы жылы  дуэт, трио, квартет, вокалдық  ансамблдер, шоу-топтар, театр өлеңдері қатысады.

Бүгінгі күнге  ұйымдастырушы комитетімен қатысуға қаланың барлық  мектептен тыс мекемелерінен және мектептерден, сонымен қатар балалар үйінен, мектеп-интернаттардан жүздеген тапсырыс қабылданды. Жылдан жылға  қатысушылар саны ғана емес, оның шеберлік деңгейі де өсуде. Әділ қазылар құрамына  енген   кәсіби вокалистер, музыканттар, хореографтар, актерлер, қаланың мәдени орталығының, музыкалық мектептің, педагогикалық  колледждің оқытушыларына, жылдан жылға байқауға қатысушыларды бағалау қиынға түсуде, әрбір орындаушы бірегей, өз стилімен ерекшеленеді.

«Өзіндік жанр» - номинация байқауы фестивалдің екінші іріктеу кезеңі (қараша айында «Бағдарлама жүргізушісі»байқауы өтті). Әрі қарай қалған  номинацияның байқауы өтеді. Жас дарындардың шығармашылық жарысы оқу жылына созылады. Қорытынды сәуір айында дәстүрлі гала-концертте жасалады. Ең жақсы қатысушылар үш жас ерекшелік тобымен белгіленеді. Қалалық фестивалдың қорытындысы бойынша әрбір жанрдағы қатысушылардың жалпы санынан 40% лауреат анықталады. Фестивалдің абсолюттік жеңімпазы 100% қатысуы  және  барлық  жанрдағы  лауреат  санымен анықталады. «Балауса»  балалар шығармашылығы  фестивалінің мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қызметін ынталандырады, таланттарын айқындайды, оқушыларды өнердің әр түріне баулиды. «Балауса» фестивалінің басты ерекшелігі  оның арқасында жаңа бастаған таланттар  үлкен сахнаға алғашқы қадамдарын бастайды оған  тек қана көркемөнер ұжымы және жеке орындаушылар қатысуға құқылы .