Мектеп жәрмеңкесі өтті.

Тамыз айының 18 күні мектеп жәрмеңкесінің алғашқы ашылу күні өтті. Бұл салтанатқа Павлодар қаласының білім беру бөлімі және ББУҚжШО орталығының ұстаз-ұйымдастырушылары қатысты. Осы жәрмеңкеге келген ата-аналар төмен бағамен алған кеңсе тауарлары мен мектепке арналған киім-кешектерді сатып алу мүмкіндігіне риза болды. Жәрмеңке кезінде кеңес беру пунктілері жұмыс істейтін болады, онда Сіздер білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау салалары мамандарының, психологтардың білікті көмегін аласыздар, сондай-ақ балаңызды спорт секциясына, аула клубтары мен өзге де мектептен тыс мекемелер үйірмелеріне жазып қоюыңызға болады. 18 – 28 тамыз аралығында Естай атындағы ҚМС таңертеңгі сағат 10.00 ден 17.00 ге дейін мектеп жәрмеңкесі өтеді.