Білгірлер тарихы.
Балалардың бос уақытын қамту және шығармашылығы орталығында «АШЫҚ - ОРЕN» кезекті көптілді мектебінің сабағы өтті. Шығармашылық алаң ұйымдастырушылары оны қала Күніне арнады. Қаланың әртүрлі мектебінің үш командасы өз ара туған өлкесінің тарихын білуге жарысты. Білгірлер турнирі білімпаздарды анықтады, олар №16 және №26 мектеп оқушылары. Балалар үш тілде бір - біріне сұрақ қойып, қызығушылық білдіріп, өз қаласының тарихы туралы, белгілі жерлес ғалымдар, ақындар туралы айтты. Шығармашылық ашық алаң мектебінің оқытушылары балаларға мақал –мәтел және жаңылтпаш білу тапсырмасын ұсынды. Оларды балалар жылдам орындады және жаңа қызықты ұсыныстар күтті. Мектеп өз жұмысын жалғастыруда.