Полиглот
Гагарин атындағы мәдени және демалыс саябағында «Ашық OPEN» көптілдік алаң шеңберінде «Полиглот» станциясы бойынша ойын өтті. Қаланың мектеп командалары сол жерде атауларын ойластырды. Ұран және жолдама парақтары бойынша Білім әлеміне саяхат жасалды. Бірінші станция « Білгіштер» атауымен қазақ тілі бойынша балалар білімін бағалады және олардың арасынан талай білгірлер айқындалды. «Знание - сила» станциясы қатысушыларға «Орыс ертегілерінің кейіпкерлері» викторинасын ұсынып, орыс тілі бойынша білімпаздарды көрді. «Guess» станциясында балалар Шекспир тілінде қарым –қатынас жасады. Зияткерлік байқау балаларды достастырды және ең күштілерді айқындады. Үш тілдік білімге қызығушылық танытып №4 ЖОМ командасы бірінші орынға ие болды.