«Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығы Орталық жағалауда «Самый классный класс-2018» қалалық байқау-конкурсының ІІ кезеңі «Спортивный Олимп» ойыны 6- станция бойынша өтті. Қала мектептерінен жалпы 35 сынып ұжымдарынан 637 оқушы қамтылды.
Байқаудың қатысушылары ғылым мен спорт саласындағы өз білімдерін, ойынның жақсы техникасы мен сынып ынтымақтастығын көрсетті.
«Меткий стрелок» станцияда – ең дәл көздеген ЖББОМ №2, 13, 16, 22 оқушылары болды. Оқушылар «ЭКСПО -2017» станциясында жақсы білімдерін көрсетті. «Дартс» станциясында - № 39, 4, 28, 36,33, 40, 22 мектеп оқушылары ең дәл көздеген болды.
Ойынның нәтижесі бойынша № 2, 22, 24, 27, 28, 33, 35, 37, 39, 40, Жетекші ЖОББМ үздік танылған сынып ұжымдары атанды.
Спорттық Олимп