Ұлы Ломоносов сөзі: «Математику уже затем учить следует, что она ум в порядок приводит». Турнир балаларға математиканың әсемділігін және логикалық ойдың қисындылығын білуге тамаша мүмкіндік береді. 17 қаңтардан 19 қаңтар аралығында екінші кезеңнің үш туры өтті. Бұл турнирдің ерекшелігі–математикалық білімнің құндылығын ашатын тапсырмаларда,оларды практикада қолдануы және пайдасы. Сондықтан,турнирге қатысып,балалар мектептің математикалық білім деңгейін тексеріп қана қоймай,оларды күнделікті өмірде және математика кабинетінен әрі еркін пайдалана алу іскерлігі. Бірінші турда Павлодар облысының «Аксиома» командасы «Nispvl#2» командасынан жеңіліп өз күштерін толық көрсете алмады.
Екінші турда «Аксиома» командасы Астана қаласының «Capitals» командасын жеңіп турнир нәтижесін өзгертті.
Үшінші жеңіс туры: «Аксиома» команда құрамына енген Байгужинов Ян (дарынды балаларға арналған № 3 гимназия), Ключков Владислав, Линник Дарья, Тукаев Амир (Екібастұз қаласындағы дарынды балаларға арналған № 1 мектеп-лицей),Путинцев Иван (Павлодар қаласы № 34 ЖОМ) және Байгушкаров Олжас (Павлодар қаласы № 38 мектеп) Алматы қаласының «Пифагор» командасының алдынан шығып V аймақтық жас математиктер турнирінде 2 орын алды.
«Аксиома» командасын жеңіспен құттықтаймыз және математикалық турға оқушыларды жақсы дайындағаны үшін № 34 және № 38 мектеп ұстаздарына алғыс білдіреміз!
Жас математиктердің V аймақтық турнирінің нәтижесі